Тәуелсіздік ызғары

«Желтоқсан оқиғасына» биыл – 31 жыл. Ызғарлы желтоқсан ержүрек, батыр да, батыл қахармандарымызды еске алатын сәт. Қызыл империяның күйреуіне түрткі болған, Қазақстанның тәуелсіздік алуына жасалған нағыз патриоттардың өшпес қадамы. Күллі әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсаншылардың қақ ортасында болып, Мәскеудің бұл шешіміне қарсылық білдіргендердің бірі Нұртілеу Хамитұлы, өміріне өшпестей із қалдырған сол бір қиын –қыстау күндерді айтып жеткізген.

Әрине барлығымыз осы оқиғаны Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті, желтоқсанның құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың сөздерінсіз еске алу мүмкін емес:

  • Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алындар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атындар – деп өзіне тағылған айыпты мойындамай, қасқайып тұрып алды. Желтоқсанның ызғарлы желіне қарамастан әділетсіз шешімге қарсы тұрған замандастарымыздың көпшілігі қудалауға ұшырады. Сол кездегі Желтоқсан оқиғасында жазықсыз жапа шеккен жастардың көрген азабы мен қорлығын өскелең ұрпағымыз көрмесе екен деп тіледі.

1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке еліміздің ең жоғары наградасы – «Халық қахарманы» атағы берілді.

Желтоқсан көтерілістің бар көрінісін Қалдыбай Әбеновтың  «Аллажар» филімінде керемет баяндалады.

Жазушы Тоқтар Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітабында намыс үшін бас тіккен ұландар тізімі жарияланған. «Қазақ СССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үшін сотталғандарға қолданылған шаралар» туралы республика прокуратурасының комиссияға берген ақпар-деректері бойынша 99 адамның тізімі кітапқа кірді.

Біз қазір әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетпіз. Ендеше, «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, іргесі берік, ынтымақ-бірлігі жасасқан халқымыз баянды бейбіт өмірде болғай!» деген тілек бар.

младший сержант

Горизанов Владислав Владимирович