Қарағандылық спортшы ел чемпионатында қола жүлде иеленді
21-26 қазан күндері Астана қаласында AMMA нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қарағанды қаласының спортшысы Данил Губин қола медаль жеңіп алды.
«Yermolaev Team MMA» клубының өкілі дәстүрлі стильде 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Қарағандылық спортшының бұл нәтижесі клуб үшін де маңызды жетістік болды. Енді Данил Губин алдағы жарыстарда да табысты өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге қол жеткізуге ниетті.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты негізінде

