«Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру»

«Жаңа Қазақстандағы» кадр мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді
Президент мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа мамандар келетінін жеткізді.

«Әкімнің бәрін ауыстыру — менің негізгі мақсатым емес. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешім қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады. Расында, көп нәрсе жақсы кадрға байланысты. Менің бастамам бойынша Президенттік жастар кадр резерві құрылды. Кадрлық резервке өткен азаматтар біртіндеп жауапты қызметке тағайындалып жатыр. Әрине мұнымен шектелуге болмайды. Басқа да адамдарға жол ашуымыз керек. Бұрынғы мамандардың бәрін жұмыстан шығарсақ та, дұрыс болмайды. Саяси тазалауға барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа мамандар келеді. Мемлекеттік қызмет — эксперимент алаңы емес. Сондықтан бірте-бірте бұл жұмысты жүргіземіз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.