Ashyq жобасына қатысушылар саны өсті

Ashyq жобасына қатысушылар санының өсуі бойынша

Ashyq жобасына кіру талаптарын жеңілдету қатысушылардың үш есе өсуіне ықпал етті. Ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап 2 тамызға дейін «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 21 900-ден 67 782-ге дейін ұлғайды.

Ashyq жобасы аясында мониторингтік топтар жобаға қатысушы 50 мың нысанды қамтыды.

642 объектіде бұзушылықтар анықталды. 10 шілдеден бастап ЦДИАӨМ-нен алынған мәліметтер бойынша 16 663 бұзушы анықталды, олардың ішінде 10 305-і «қызыл» және 6 358-і «сары» мәртебесі бар келушілер.

Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруының алды алынды.

© Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі