Қарағандыда қоғамдық көлік паркі жаңарып жатыр

Қарағандыда қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасуда. Республика күні қарсаңында «Таксокомбинат» кәсіпорны 20 жаңа автобус алды. Олар №28, №31 және 01 бағыттарына қызмет көрсетеді.\

Сонымен қатар «Автопредприятие» кәсіпорны №012 бағытқа арналған тағы сегіз автобусты күтіп отыр. Ал жыл соңына дейін №3 автопарк 60 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Олар 2013 жылы шығарылған ескі автобустардың орнын басады.

Қала әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары көктемнен бері жүргізіліп келеді. Соңғы бес жылда Қарағандының қалалық автопарктеріндегі жылжымалы құрамның 80 пайызы жаңартылған.

Биыл Республика күні Автомобиль көлігі қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай жаңа автобустардың кезекті партиясы тасымалдаушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында қалаға жеткізілді.