«Міндетіміз – тұрғынүймен қамтамасыз ету»
Қарағанды қаласы «Тұрғынүй қатынастар бөлімі» ММ басшысы Алдабергенов Әсет Серікұлымен қаладағы баспана тапшылығы мәселесін шешу жолдары қалай жүзегее асып жатқаны туралы әңгіме өрбіттік.
— Әсет Серікұлы, жалпы «Тұрғын үй қатынастар бөлімінің» негізгі міндеті қандай?
— «Қарағанды қаласының тұрғынүй қатынастары бөлімі» ММ тұрғынүй қатынастары саласында өз қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Тұрғынүй қатынастары бөлімінің басты міндеттерінің бірі тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғынүймен қамтамасыз ету болып табылады.
— Қазір баспана мәселесі аса өзекті екені барлығымызға мәлім. Осы тұрғыда Сіздерге артылар жүк те ауыр. Біздің Қарағанды өңіріндегі тұрғындар тұрғынүйге қаншалықты мұқтаж?
— «Тұрғынүй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғынүй қорынан берілген тұрғынүйлер немесе жеке тұрғынүй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғынүйге мұқтаж және есепте тұрған азаматтардың пайдалануына беріледі. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы бойынша «Тұрғынүй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 бабына сәйкес тұрғынүйге мұқтаж азаматтардың есебінде 18515 адам тұр.
— Түсінікті. Ал мемлекеттік қолдау арқылы үй кезегіне тұру үшін қандай шарттарға сай болу керек?
— Тұрғынүй алуға кезекте тұрған адамдар мынадай санаттарға бөлінеді:
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар — 8 адам;
- Халықтың әлеуметтік осал топтары (зейнеткерлер, толық емес отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар және т. б.) – 6378 адам;
- Көпбалалы отбасылар – 1075 адам;
- Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және әскери қызметкерлер – 7716 адам;
- Жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін атаанасынан айырылған жетім балалар – 3338 адам.
— Ал осы есептегі адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы қандай жұмыстар жүргізілді? Нәтиже қандай?
— Ағымдағы жылы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін 192 пәтер көлемінде тұрғын үй іске асырылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ «көп балалы отбасылар» есебінде тұрған азаматтар үшін 100 пәтер сатып алуда. Бүгінгі күні сатып алу құқығынсыз 13 пәтер берілді.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 9 пәтерден тұратын тұрғын үй берілді.
2021 жылы құқықтық секторға жеке және заңды тұлғалардан 1267 өтініш келіп түсті.
— Өте жақсы! Әсет Серікұлы, алдағы жылға қойған қандай жоспарларыңыз бар?
— 2022 жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін № 4, 8, 9 «Трилистник» ТК-де 576 пәтер мөлшерінде тұрғын үй сату жоспарлануда.
Сондай-ақ, бөлім мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру.
Жалпы, 13 пәтер берілді, сонымен қатар 87 пәтер беру қарастырылған. Көп азаматтарды іздестірудеміз, олардың кезекте тұрған мекен жайлары бойынша хат жіберілді. Келушілердің құжаттары дұрыс болмағандықтан, көмектесіп, реттеудеміз.
— Сұхбат бергеніңізге рақмет!
Аружан АЛПЫСБАЙ.