Жолдау – ел тұрғындары үшін нақты қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Еліміздің дамуы мен алдағы міндет мақсаттар белгіленген құжаттағы маңыздылығы айтылды.

Жылдағы үрдіспен Ел Президенті қыркүйек айында халыққа жолдауын жария етті. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз деген Мемлекет басшысы бүгіннен бастау алған алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды. Бірінші мәселе, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігі айтылды. Қазір нақты секторға несие қажетінше берілмей жатқаны, шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін таппағанына тоқталған Президент Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керектігін тапсырды. Бізге банктер туралы жаңа заң қажет деді. Бұл бұрынғы және қазіргі үкімет жұмысындағы олқылық, мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Яки бұл мәселе сайып келгенде ел дамуына, халық әл-ауқатына қатысты жолдаудағы басты тапсырмалардың бірі болды. Жаңа салық кодексі туралы да айтылды. Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды деді. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту да тапсырылды. Сондықтан осы бағыттағы тұстарды тиісті заңдармен реттеу қажет. Бұл талапты нормативтік тұрғыдан бекіту қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндеті деді. Ал қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында.

Жанбол ЖАЯУБАЕВ,

Саран қалалық мәслихатының депутаты