Рамазан — береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы

Құрметті қарағандылықтар!

Мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекесі — қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын!

Рамазан — береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы, иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Рамазан айының негізгі ерекшелігі — адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады. Бiр ай бойы астан ғана емес, бейәдеп сөзден, жат қылықтан тартындырып, сабыр мен төзімге тәрбиелейді.

Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – бүкіл әлем халқын алаңдатқан қауіпті індетті жеңу болса, сындарлы кезеңде сыр бермей сабыр сақтап, тиісті барлық шектеу шараларын толық орындауымызды, тәртіпке бағынуымызды талап етеді.

Осы орайда, қауіпті  індетпен  күресте бүгінгі күннің батырлары әрі алдыңғы шепте жүрген денсаулық сақтау саласы мен қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбектеріне құрметпен қарап, қолдау білдірейік, ағайын!

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Рамазан айындағы баршаңыздың тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, баршаңызға жақсылық тілеймін.

 

Қарағанды қаласының әкімі

Е.Бөлекпаев                             

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы

Қ.Бексұлтанов