ЖАҢА БАСТАМА! ҚАЗАҚ ТІЛІ КҮНІ!

Қадірлі отандастар!

Сіздерді қарағандылық қоғам белсенділері жасаған қазақтың ұлттық күнтізбесінің айтулы күнімен, 9 сәуір – мемлекеттік Қазақ тілі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқының ұлттық санасының жаңғыруы оның тарихында жатса, сол жаңғырған, түлеген ұлттық болмысымыздың басты көрінісі мемлекеттік тілімізді қастерлеуден басталса керек.

Барлықтарыңызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, еліміз гүлдене берсін демекпін. Мемлекеттік тіл күні құтты болсын!

Темірғали КӨКЕТАЙ,

халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, профессор