Қарағанды спортшылары Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының спортшылары Таиландтың Паттайя қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Байрақты бәсекеге 24 елдің спортшылары қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы көш бастады. Екінші орынды Таиланд құрамасы иеленсе, үшінші орын Моңғолия спортшыларына бұйырды.

Ұлттық құраманың жеңісіне Қарағанды облысынан барған жеті спортшы да елеулі үлес қосты. Олар «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бағыттары бойынша барлығы 13 медаль олжалады. Оның бесеуі – алтын, екеуі – күміс, алтауы – қола.

«Жекпе-жек» бағыты бойынша Әлия Байжанова (16-17 жас, 58 келі) мен Дильназ Кәрібаева (18 жастан жоғары, 48 келі) алтын медаль иеленді. Әбдінұр Әубакір (14-15 жас, 70 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды. Ал Аблайхан Кәрібаев (67 келі), Ескендір Кенгесбай (73 келі) және Сұлтанәли Дінқабыл (80 келі) қола медаль жеңіп алды.

«Өзін-өзі қорғау» бағыты бойынша Әбдінұр Әубәкір (14-15 жас, 70 келіден жоғары), Әлия Байжанова (16-17 жас, 60 келі) және Дильназ Кәрібаева (18 жастан жоғары, 50 келі) алтын жүлдеге қол жеткізді. Сұлтанәли Дінқабыл (90 келі) күміс медаль иеленсе, Аблайхан Кәрібаев (70 келі), Ескендір Кенгесбай (80 келі) және спорт ардагері Сарсенбек Жақыпов (70 келі) қола жүлдегер атанды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше