Жаңа мурал салынды
Сәукелелі қыз қазір Майқұдық үйлерінің бірін әсемдеп тұр. Бұл – Қарағандының осы ауданында пайда болған алғашқы мурал. Жаңа өнер нысаны өте қысқа мерзімде жасалды. «Airg» командасына бір апта ғана қажет болды.
Жел мен суыққа қарамастан екі суретші күн сайын муралмен жұмыс істеді. Нәтижесінде 19-шағынаудандағы №49 көпқабатты үйдің қабырғасында дәстүрлі сәукеле киген қара көзді қыз пайда болды. Оны қалыңдықтар киеді, бұл жаңа өмірдің басталуын білдіреді.
Муралды жасау идеясы мен іске асуы Урбанистика орталығына тиесілі.
– Жаңа мурал Майқұдық жанына ұқсайды: салқын, қатал мінезді, керемет жылы және жанашыр жан. Ауданның әрбір тұрғыны үшін бұл сурет ерекше болатынына сенімдіміз, – дейді Урбанистика орталығының қызметкерлері.
Өз тілшімізден