Түркия елінде коронавирустың төртінші толқыны күтілуде.

Түркия мемлекеті Еуропа мен Азия саяхатшылары үшін аса тартымды. Алайда, елде коронавирустың төртінші толқыны күтілуде.

Жақында ғана туристік маусымды ашқан Түркия билігі ресейлік туристер үшін COVID-19-ға байланысты шараларды қатаңдатуды ұсынады. Ресейліктер — бұл елдің курорттарындағы негізгі контингент. Өткен тәулікте елде 12 мамырдан бергі ең көп індет жұқтыру жағдайы тіркелді — 12 381 адам. ‼️ «Біз нақты ауырып жатқан адамдар санын есептей алмаймыз. Алайда, менің ойымша, бұл көрсеткіш тағы да 100 мыңнан асты басқаша айтқанда, біздің арамызда миллионнан астам вирус жұқтырған адам бар және олар өте жұқпалы ауру таратуда», — деп жазды түрік инфекционистер Одағының басшысы Мехмет Джейхан. Жұқпалы аурулар маманы әлі вакцина алмаған азаматтарды тезірек екпе қабылдауға шақырды.

⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК