МЫҢНАН АСТАМ ҚОҚЫС ҮЙІНДІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында ғарыштан түсіру арқылы рұқсат берілмеген мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды.

 

Экология департаменті мамандары қалалық әкімдік, полиция өкілдері, еріктілермен бірге тұрмыс қалдығын тастаған тұлғаларды анықтау мақсатында рейд өткізді. Іс-шара кезінде Қарағанды қаласының Фёдоров су қоймасында анықталған рұқсат берілмеген қоқыс орындарына бақылау жүргізіліп, сол аумақтың тұрғындарымен кездесу өткізілді. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қарағанды облысында ғарыш түсірілімінен 640 қоқыс орны анықталғанын хабарлаған едік.

Қазір оның 160-сы жойылған. Экологтар рейд барысында Фёдоров су қоймасына барып, бір ай бұрын еріктілер тазалап кеткен аумақтың қайта ластанғанын байқады. Айта кеткен жөн, Федоров су қоймасы – қала тұрғындары үшін демалуға рұқсат етілген санаулы аймақтың бірі. Алайда, су қоймасының аумағында да шомылуға белгіленген нақты жерлер бар.

Пандемияға байланысты 12 шілдеден бастап облыстағы барлық ашық және жабық жағажайда демалуға тыйым салынды. Осыған қарамастан, демалушылардың саны көбеймесе, азайған емес. Олар карантиндік қатаң тәртіпті бұзып қана қоймай, экологиялық зардап алып келетін қоқыс үйінділерін де тастап кетеді.

Айта кетелік, елімізде жаңа Экологиялық кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Соған сәйкес Қазақстанда қоршаған ортаны ластағаны үшін азаматтарға жаза күшейтілді. Федоров су қоймасына барған арнайы топ полицейлермен бірге рейд жүргізе отырып, демалушыларға қоқысты жинап жүруге және пластикалық ыдыстарды қ о л д а н б а у ғ а шақырды.

– Бүгін біз қ о л д а н ы с т а ғ ы э к о л о г и я л ы қ з а ң н а м а н ы т ү с і н д і р е м і з және халыққа э к о л о г и я л ы қ мәдениетті сіңіруге тырысамыз. Экология министрлігінің б а с т а м а с ы м е н «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы Қарағанды о б л ы с ы н ы ң аумағында 1000- нан аса рұқсат етілмеген қоқыс жинау орнын анықтаған косм о м о н и т о р и н г өткізуде. Оның біразы жергілікті атқарушы органдармен жойылды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, рұқсат етілмеген үйінділер жыл сайын бір жерде пайда болады. Демалушылар өздерінен қалған қалдықтарын жинамайды, – деді Қарағанды облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Ісжанов.

Өткен жылы космомониторингтің көмегімен өңір аумағында 1200-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Олардың барлығы тазартылды. Бірақ бұл қысқа мерзімді нәтиже береді. Табиғатты ластаушылар тіпті а й ы п п ұ л д а р д а н қорықпайды.

— 1 шілдеден бастап жаңа Экология кодексі күшіне енді. Яғни әкімшілік айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін өсті. Бұл шамамен 145 мың теңге. Енді азаматтар қоқыс лақтырар алдында бірнеше рет ойланатын болады деп сенемін,- дейді Дархан Ісжанов.

Жағажайларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті полиция қызметкерлері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқарушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуде. Облыс аумағында суға шомылуға арналған 2 қауіпсіз орын бар, оның біреуі — Федоровка су қоймасы. Жағажайларға баратын жолдар автопатрульдердің бақылауында.

Э к о л о г т а р қарағандылықтарды тазалық үшін күресте күш біріктіруге шақырады. Қала тұрғындары табиғаттың ластануының фото және бейнефактілерін Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығының жедел желісіне немесе экология департаментінің қабылдау бөлмесіне 41-07-54 нөмірі бойынша жібере алады

. Сондай-ақ, «Қарағанды облысының Геопорталы» қосымшасын пайдалануға болады, онда картада рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді белгілеу қажет. Бұл қаладан шыққан кезде ыңғайлы. Ол жерді белгілесе, уәкілетті органдар оны көреді, демек, стихиялық қоқыс жойылады.

Аружан АЛПЫСБАЙ, «QH»