ҮЗДІК АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬ
Сәкен театры үздіктер қатарында. Көкшетау қаласында II халықаралық «Сәлем» комедия фестивалі өтті. Онда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Еркін Жуасбектің «Үйлену» комедиясымен өнер көрсетіп «ҮЗДІК АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬ» номинациясына ие болды.
Фестивальда 8 театр бақ сынады:
- «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК «Astana Musical» мемлекеттік театры;
- Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
- Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры;
- С.Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры;
- Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры;
- С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры;
- Түркия Республикасының Стамбул мемлекеттік театры;
- Әзербайжан мемлекеттік «Пантомим» театры.
Қазылар алқасының құрамында шетелдік сыншылар Юсиф Джафаров және Эльчин Гафарлы болды. Сонымен қатар еліміздің Театр сыншылары бірлестігінің мүшелері Мерует Жақсылықова, Бақыт Кәкейқызы және Машурова Рахилям Әбдрахманқызы болды.
«Үйлену» музыкалық комедиясының режиссері – Жұманиязов Нұрлан Ғылманұлы. Спектакльдің премьерасы 2022 жылдың 1 қазанында өткен. Онда 11 актер өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Көкшетаудағы фестивальдан соң Сәкен театры Уфаға аттанды, онда 16-23 мамыр аралығында кезекті театр фестивалі өтеді екен. Театрымызға ол жақтан да жеңіспен оралуды тілейміз!
Құралай КӨБЕНОВА,«QH»