Лагерьлерге жолдама берілді

Балалар жылы аясында Қарағанды облысының Білім басқармасы «Балаларға жолдама сыйла!» челленджін бастады. Демеушілік қаражат есебінен 907 оқушы Щучинскідегі «Эдельвейс», Алматыдағы «Маралсай» қала сыртындағы және жергілікті «Алау», «Орленок» және «Жас қанат» лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алды.

Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Ғабдолла Дүйсенбаевтың бастамасы бойынша №3 және №4 арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары үшін 10 күндік тегін демалыс ұйымдастырылды.

– Осы мектеп-интернаттардың Қамқоршылар кеңесі іріктеген 10 бала 3 шілде күні Ақтоғай ауданының «Факел» лагеріне демалуға аттанды. Оларға жол полициясы қызметкерлерінің бақылауымен жайлы автобус берілді. Жолға аттанар кезде депутат балаларға сыйлықтар табыстап, сәттілік тіледі, – деп мәлімдеді Білім басқармасының өкілі.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА

«QH»