Кеншілер шеберлігі сыналған сайыс

Қарағандыда Кеншілер күнін мерекелеу кәсіби шеберлік байқауымен ашылды. Ол ашық аспан астында, саябақ алаңында ұйымдастырылды. Көрермендер жер астында үңгілеушілер, монтажшылар және басқа да тау-кен жұмысшыларының қалай жұмыс істейтінін тамашалады.

SONY DSC

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің сегіз шахтасының командалары үш сайыс түрі бойынша сынға түсті. Кәсіби шеберлік жарысынан басқа, бағдарлама жекелеген мамандықтар бойынша – үңгушілер, электр слесарьлар және басқалар арасында конкурстарды қамтыды. Сонымен қатар, кәсіби спорттық эстафетада шахтерлер кедергілерді жеңе білетіндіктерін көрсетті.

Алаңда нағыз тау-кен өндірісі іске қосылды. Барлығы шахтадағыдай болды. Тек ашық жерде және оттегі көбірек.

Биыл Қарағанды шахталарында өнім өндіру жоспары – 8 миллион тонна көмірді көздеп отыр. Таудағы қара алтынды шығару оңай емес, жыл сайын тау-геологиялық жағдайлар күрделене түседі.

– Көңіл-күйіміз тамаша. Менің туған күнім Кеншілер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Кеше атап өттік. 46 жасқа толдым, оның жартысынан көбі шахтамен байланысты: 4 жыл Кировск, ал 19 жыл Костенкода жұмыс істедім. Бүгін комбайнерлер конкурсына қатысамын, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз, – деп бөлісті тау-кен қазу машиналарының машинисі Евгений Шатохин. – Барлық әріптестерімді келе жатқан кеншілер күнімен құттықтағым келеді. Денсаулық, бақыт, отбасыларына амандық тілеймін, және, әрине, барлық шахтерлер айтқандай: төбеміздегі күмбезіміз мықты болсын.

Әр команданың қолдаушы тобы болды. Қатысушыларды демеуге әріптестері мен туыстары келді.

Мұнда алаңға нағыз шахтер машинасы жеткізілді. Ferrit аспалы локомотиві жер астында жабдықтар, жүктер мен адамдарды тасымалдайды.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы балалар үшін де мереке ұйымдастырды. Басты сахнаның жанында аниматорлармен конкурстар мен викториналар өтті.

 

Өз тілшімізден