Халықаралық маркшейдерлік конгресс

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары Қытайдағы ХҮІІІ Халықаралық маркшейдерлік конгрестің жұмысына қатысты. 26-29 қазан аралығында Қытайда тау-кен саласындағы прогрессивті маркшейдерлік-геодезиялық және геомеханикалық шешімдерге арналған ХҮІІІ Халықаралық маркшейдерлік конгресс (ISM) өтті.
Қазақстан Республикасының атынан профессор Ф.К.Низаметдинов және доцент Н.Ф.Низаметдинов (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), сондай-ақ докторант А.Әшімова (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) қатысты.
Халықаралық маркшейдерлік конгресс пен ISM президиумының жұмысы Қытайдың екі қаласында (Пекин мен Сюйчжоу) өтті. Оған әлемнің 32 елінен (Қазақстан, Қытай, Германия, Ресей, Африка, Австралия, Вьетнам, Өзбекстан, Албания және т.б.) 500-ден астам тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлері, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары қатысты. Пленарлық отырыс пен 12 секцияның жұмысы Сюйчжоу қаласындағы Конгресс-кешенде өтті.
Негізгі баяндаманы ISM президенті, Қытайдың Huang Leting технологиялар университетінің профессоры жасады. Кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының өкілдері тау-кен өндірісінің маркшейдериясы саласындағы озық технологиялар мен әзірлемелерін бөлісті, ал жабдық өндірушілер конгреске қатысушыларды жаңа құралдармен және лазерлік-цифрлық өлшеу аспаптарымен таныстырды.
Конгресс жұмысының қорытындысында прогрессивті әзірлемелер арнайы диплом және наградамен марапатталды. Бұл ретте студенттік және магистрлік зерттеулерге ерекше назар аударылды. Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері ISM президентінің сертификатымен марапатталды.