Фейк: «SARS-CoV-2 жаңа штамдары кесте бойынша пайда болады»

Фейк: «SARS-CoV-2 жаңа штамдары кесте бойынша пайда болады»

❌ Казнетте пайдаланушылар SARS-CoV-2 коронавирусының түрлері мен мерзімі көрсетілген кесте суреттерімен бөлісуде. Дүниежүзілік экономикалық форум, Билл және Мелинда Гейтс қоры, Джонс Хопкинс Университетінің және ДДСҰ логотиптері бір-біріне жақын орналасқан, бұл «кестені» нақ осы ұйымдардың әзірлегенінің белгісі.

✅ Шын мәнінде, «кесте» ресми құжаттың бөлігі емес. Sars-CoV-2 вирусының қазірдің өзінде тіркелген және зерттелген түрлерінің тізімі ДДСҰ ресми сайтында жарияланған. Бұл сүрет графикалық редакторлардың жұмысының нәтижесі болып табылады. Онда вирустың анықталған үш түрі жоқ, ал басқаларын анықтау мерзімі нақты күндермен сәйкес келмейді. Сондай-ақ, кестеде бүгінгі күні бар екендігі туралы хабарланбаған нұсқалар бар, сәйкесінше олардың бар-жоғын нақты айту мүмкін емес.

ТОЛЫҚ t.me/stopfake_kz | #covid19_stopfake