«Борышкер» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық прокуратурасы бастамасымен 2022 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында аудан аумағында (Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау) әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алынуын және алименттердің уақтылы төленуін жақсарту бойынша аудан полициясының қызметкерлерімен, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкер» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі үшін пысықтауды жүргізу уақытында алимент бойынша борышкерлер мен әкімшілік жауаптылыққа тартылған және айыппұлдарын уақтылы төлемеген тұлғалар тексерумен барынша қамтылды.

Борышкерлерге хабарлама тапсыру үшін пәтерлерді аралау жүзеге асырылды, сондай-ақ заңда белгіленген мерзімде алименттер мен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлеу мәніне құқық бұзушылармен құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 3 991 612 теңге сомасына 192 қаулы орындалды, 3 620 070 теңге сомасына алимент бойынша берешек өтелді.

Алимент және әкімшілік айыппұлдар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі осы іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Аудан прокуратурасы құқық бұзушыларға алименттер мен айыппұлдардың уақтылы төленуін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қабылдануын күтпестен ескертеді, бұл жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу бойынша қосымша шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алименттер мен әкімшілік айыппұлдарды төлемеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

  Қарағанды қаласы

Әлихан Бөкейхан ауданының

прокуратурасы