Ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді

Қарағанды қаласында 8, 15, және 29 қазан күндері сағат 9:00-де облыстық ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді.

Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінен ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері орташа нарықтық бағадан арзанға сатылатын болады.

Жәрмеңке өтетін орын: 134-есептік орам, 921-құрылыс.

Жүретін қоғамдық көліктер: №40, №56, №5, №146, №02, №29.

Өз тілшімізден