Қарауылда — қайсар жауынгерлер

Түзеу мекемесін күзету – жауынгерлік қызметтің ең жауапты қызметтерінің бірі. Оған өз-өзіне сенімді, рухы мықты деген сарбаздар іріктеледі. Түзеу мекемесін күзетіп жүрген сарбаздардың жауынгерлік қызметі – күнделікті қару ұстап, қарауылда тұратын ерекше міндет. Жылдың он екі айында нұсқаулық сабақтарында айтылатын ережелер мен жарғылар қатаң сақталуы тиіс. «Қайталау – оқу арнасы», қатаң талап – сарбаздардың зердесін шындап, қырағылығын арттыра түседі.

6505 әскери бөлімі 3 атқыштар батальоны 7 атқыштар рота командирі капитан Базарбаев Достанбек Равшанбекович осы міндеттерін қылтықсыз орындап келеді.

Жауынгерлік қызметке дайындалатын сарбаздардың ең алдымен рухын көтеру керек. Рухы мықты сарбаз қарауылдық қызмет үшін күзет мұнарасына көтерілуге дайын тұрады. Сарбаз неғұрлым жақсы дайындалса, соғұрлым міндетіне мығым келеді. Ол үшін тынымсыз еңбек ету керек. Офицердің еңбегі – бағыныштыларды үйрете білуінде, — дейді батальон командирінің тәрбие және әлеметтік-құқықтық жұмыстары жөніңдегі орынбасары капитан Өтеген Нұрлан.

Ротаның бетке ұстар сарбаздары қатарында жауынгерлер Нұрдаулет Тілейхан мен Ербол Сексенбаевты атауға болады.

Командирлер мен басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындау  — сарбаздың міндеті. Мен өзіме жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға тырысамын. Әке-шешемнің үмітін ақтауды үлкен жетістік деп ұғынамын. Қазақтың басын қосып, Абылай ханға ақылшы болған елім –жерім деп халқына қамқоршы болған Бұқар бабамыздың туған жерінен екенімді мақтан тұтып жүремін, — дейді Нұрдаулет.

Қарауылдық қызметте үнемі қырағы болу керек екенің жақсы түсінемін. Бұл жөнінде күнделікті қызметке түсер алдында тағы бір пысықтап аламыз, — дейді ротаның озат сарбаздарының бірі Ербол Сексенбаев.

Сарбаздардыжауынгерлік қызметке үйрету оңай шаруа емес. Оларға жеке басыңмен үлгі көрсете білу керек. «Мен сияқты бол» дегенді ісіңмен көрсетіп, дәлелдеу керек, — дейді аға сержант Бикалов Адилбек.

Түзеу мекемесін күзету барысында күнделікті жауынгерлік қызмет атқаратын әскери қызметшілердің еңбектері ротаның абыройы мен намысын асқақтатып, мерейін арттырып келеді.

Кіші сержант

Горизанов Владислав Владимирович,

Қарағанды қаласы