Қарағанды теміржол колледжі студенттері арасында Covid-19 қарсы екпені түсіндіру бойынша кездесу өтті

А. ж. 25 ақпанында Қарағанды теміржол колледжі студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен Covid-19 қарсы екпені түсіндіру бойынша кездесу өткізді
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері екпенің маңыздылығын атап өтті, өйткені олар тез иммундық жауап қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек екпенің пандемияның дамуын тоқтатуға мүмкіндік беретіні айтып өтілді.
Топ мүшелері екпе бойынша ұсыныстар берді, кездесуге қатысушыларды өздерін және бір-бірін қорғауға, медициналық мәселелерде білім деңгейін арттыруға, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырды.
Кездесуге барлығы 65 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!