ЖРВИ және тұмаудың алдын алу!

Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) адам денсаулығына және елдің экономикасына да зардабын тигізерін індет.

ЖРВИ желісіндегі  ең қауіптісі тұмау болып табылады.  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде тұмау ауруының 3-5 млн. ауыр түрлері тіркеліп, оның 250-500 мың жағдайы өлім жағдайымен аяқталады. ДДҰ деректері бойынша, әртүрлі этиология мен тұмаудың жедел респираторлы вирустық инфекциялары (ЖРВИ) барлық жұқпалы аурулар арасында бірінші орындардың бірін иемденеді. Қазіргі уақытта ЖРВИ туындауына алып келетін себептердің 200-ден астам түрлері бар. Белгілі бір респираторлық вирустың қарқындылығы, жиілігі және үстемдігі маусымға және климаттық ерекшеліктерге байланысты.

Қазақстан Республикасында тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың көтерілуі  алдыңғы жылдың эпидемиологиялық өршулерінің талдауы бойынша қаңтар айының басына келеді, науқастылықтың шыңы қаңтар айының соңына,ақпан айының ортасына дейін болады.

Қазақстанда жыл сайын миллионға жуық адам тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауырады (ЖРВИ). Жиі 14 жасқа толмаған балаларда кездеседі және олардың жалпы санының 70% құрайды.

Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары — бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес халықтың 40%-ын тұмауға қарсы вакцинациямен қамту ұсынылады.

Жыл сайын жергілікті бюджет қаражатынан қаржы қаражаты бөлінеді және мынадай тәуекел топтарына вакцинациялау жүргізу үшін вакциналар сатып алу жүзеге асырылады: медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүкті әйелдер, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

Сонымен қатар осал топқа кірмейтін әр адам өз қалауы бойынша ақылы түрде немесе жұмыс беруші есебінен жергілікті емханаларда екпе алуына болады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмаумен күресудің жалғыз әлеуметтік және экономикалық нәтижелі алдын алудың шарасы – вакцинопрофилактика. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда   науқастылық басталмас бұрын егілу қажет. Тұмауға қарсы екпені эпид.маусым кезеңінде  қыркүйек,қазан айларында алуды ұсынады. Тұмауға қарсы екпелер қауіпсіз және тұмаудың алдын алуда жоғары тиімділікке ие.

Тұмауға қарсы егілулер Қарағанды қаласында қыркүйектің аяғынан бастап жүргізіледі.  Қазақстан Республикасында 2026 -2027 жылдары эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы  мына  вакциналар тіркеліп және қолдануға берілген: «Ваксигрип» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей).  Барлық  вакциналарда тұмау вирусының штаммдары бар.

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ол профилактика әдісі.

Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет. Ауырған жағдайда балаларыңыз (мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке бармау) үйде болғаны абзал.

Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек.

Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету және барлық беттерді сүртіп, ылғалды жинау жүргізу керек, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.

Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында  С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).

Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін организмді шынықтыру қажет.

Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек.

Б.А.АБЖАНОВ,

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары