«Қарағанды банк колледжі» КММ студенттерімен кездесу өтті

3 наурыз күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Қарағанды банк колледжі» КММ студенттерімен коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе алу туралы кездесу өткізді.

Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer екпесінің сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан екпе алған адам Сovid-19 ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-екпе екенін атап өтті.

Кездесуде коронавирустық инфекция және екпе туралы сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 30 студент қатысты.