Жергілікті ұлт емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты байқау-сайысы өтті

2023 жылдың 28 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты байқау-сайысының 1 кезеңі өтті. Әділдік пен шындықты анықтау үшін әділ — қазылар алқасы болып «Орталық» өңірлік қолбасшылығының ТжӘҚЖ басқармасы бастығының аға көмекшісі (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға лейтенант Жексенай Медет Дәулетқанұлы, «Қарағанды қаласының «ШЫРАҚ» тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі директоры Тұяқбаев Саят Қабдырашұлы, «Қарағанды қаласының «ШЫРАҚ» тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің оқытушысы Смықова Асия Даниярқызы, 6505 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімше бастығының аға көмекшісі (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) майор Утеулиев Бахтияр Рахимжанович, 6505 әскери бөлімі штабтың ұйымдастыру және жинақтау бөлімшесінің аға маманы (жауапты орындаушысы) кіші сержант Аяпбергенова Толқын Танатовна. Байқауға 6505 әскери бөлімінің өзге ұлттың 5 әскери қызметшілері қатысты олар, 1 атқыштар батальоны 1 атқыштар ротасы 3 атқыштар взводы 1 бөлімшесінің сарбаз (атқышы) ефрейтор Сергеев Руслан Григорьевич, 2 атқыштар батальонының маманы (іс жүргізуші) ефрейтор Ращепко Егор Анатольевич, 2 атқыштар батальоны 5 атқыштар ротасы 2 атқыштар взводы 3 болімшесінің командирі қатардағы жауынгер Анцифров Александр Сергеевич, 4 атқыштар батальоны кинология қызметі мамандары взводының аға маман (нұсқаушысы) ефрейтор Трешещкин Сергей Олегович, 9 атқыштар ротасы айдауылдау бөлімшесінің сарбаз (атқышы) қатардағы жауынгер Жосан Анатолий Анатольевич қатысты. Сайыс 3 кезеңнен өтті, айтатын болсақ олар: 1. «Сәлемдесу», 2. «Өнерлі өрге жүзер», 3-кезең «Баяндау» болды. Анықталғаныңдай Мемлекеттік тілді меңгерген жергілікті ұлт емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» байқау- сайысында үздік нәтижелерін барлық әскери қызметшілер көрсетті, оның ішінде I орын алғаны үшін ефрейтор Ращепко Егор Анатольевич, II орын алғаны үшін ефрейтор Трешещкин Сергей Олегович, III орын алғаны үшін ефрейтор Сергеев Руслан Григорьевич бригада командирінің грамоталарымен марапатталды.

Іс — шара кезінде, қазақ аспаптары, киіз үйдің жабдықтары, кітап көрмелері қолданылды, ән мен би бағдарламалары болды, айта келсек Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ұжымының солисті Шабденов Ришат мырза «Манар Бекжановтын «Сайра бұл бұл» және Қапаздің «Үш меркі» әндерің орындады, «Рақмет саған туған ел» және «Батырлар» әндерін орындаған бөлімнің солисті ефрейтор Нұртасұлы Нұрбек. Сайысымыздың сонында Саят Қабдырашұлы мырза Мұхтар Шахановтың өлен шумақтарын айтып беріп естелікке суретке түсу ұйымдастырылды.