Желшешектің алдын алу
Желшешек – қызба, интоксикация және везикулезді бөртпелермен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Негізінен жас балалар немесе мектеп жасына дейінгі балалар ауырады. Бұрын ауырмаған байланыстағы адамдардың шамамен 80% желшешекпен ауырады.
Желшешекпен ауыратын науқаспен байланыста болған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 14-тен 21 күнге дейін созылады.
Ауру, ең алдымен, дене температурасының 37,5 ℃-тан 39℃ дейін күрт жоғарылауымен, бас ауруымен көрінеді. Желшешектің тән белгілері: бөртпе және қышу.
Қызылша, қызамық, жәншау бөртпелеріне қарағанда желшешек бөртпесі тек теріде және шырышты қабаттарда ғана емес, бас терісінде де пайда болады. Дене температурасы әдетте 3-5 күнде қалыпқа келеді, ал қыртыстар 7-14 күннен кейін кетеді. Науқастың сауығуы бөртпе шыққаннан 10 күннен соң басталады.
Желшешектен айыққаннан кейін иммунитет қалыптасады, инфекцияның қайталануы өте сирек кездеседі.
Инфекцияның таралу көзі ауру адам, сондықтан ауру кезінде науқас пен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Желшешекпен ауыратын науқастар тері бөртпелерінің алғашқы белгілерінен 20-24 сағат бұрын ғана жұқпалы болып саналады және соңғы везикула (көпіршік) пайда болғаннан кейін 5 күнге дейін қалады. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады. Инфекция ауа тамшылары арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде беріледі, қоздырғыш көп мөлшерде бөлініп, айтарлықтай қашықтыққа таралады. Вирустың жүктілік кезінде анадан ұрыққа берілуі де мүмкін.
Ересектердегі желшешек әлдеқайда ауыр, интоксикацияның айқын белгілеріне байланысты (безгегі, бас ауруы, жүйке жүйесінің бұзылуы), өлімге дейін асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Желшешектің ең қауіпті асқынуларына ішкі органдар мен мидың зақымдануы – пневмония, энцефалит, гепатит жатады.
Егер отбасында біреу ауырып қалса, онда міндетті түрде дәрігерді шақыру керек.
Ең бастысы – ауруды уақытында тану және асқынулардың алдын алу екенін әрқашан білу және есте сақтау маңызды.
Аурудың алдын алу мақсатында:
— науқаспен байланысты шектеу;
— науқасқа жеке ыдыс-аяқ, төсек-орын, гигиеналық керек-жарақтар бөлу;
— науқастың киімдері мен төсек-орындарын бөлек жуу;
— қайталама инфекцияның қосылуын болдырмау үшін науқастың қолын, киімін және төсек-орындарын таза ұстау;
— үй-жайларды жиі ылғалды тазалау және желдету, себебі желшешек вирусы сыртқы ортада тұрақсыз;
— кварцты қолдану қажет.
Желшешектің асқынуларына миокардит жатады-жүрек бұлшықетінің қабынуы, менингит және менингоэнцефалит (ми қабығының қабынуы, ми заттары), бүйректің қабынуы (нефрит). Бақытымызға орай, бұл асқынулар өте сирек кездеседі. Желшешектен кейін, барлық балалар инфекцияларынан кейін иммунитет дамиды. Қайта жұқтыру орын алады, бірақ өте сирек кездеседі.
Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының
СЭББ басшысы

