Тәуелсіздік: Мәдениет пен өнер

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы ұлттық дәстүрлерді жандандыруда, мәдениет пен өнер саласын дамытуда маңызды рөл атқарды.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 653 мәдениет және өнер нысаны бар. 1999- 2021 жылдар аралығында мәдениет саласының дамуында оң серпін байқалады: атап айтатын болсақ, мемлекеттік мәдени объектілер желісі 274 ұйымға ұлғайды, мәдениет саласын қаржыландыру жылданжылға өсіп, материалдықтехникалық база қалпына келтірілді.

Қарағанды өңірі тарих және мәдениет ескерткіштеріне бай, оның аумағында 2700 тарихи және мәдени ескерткіштер анықталған, оның 1538- і жергілікті маңызы, мемлекеттік тізімге енгізілген. Облыстың археологиялық ескерткіштері тас дәуірінен, қола дәуірінен, ерте темір дәуірінен бастап адамзат дамуының тарихқа дейінгі барлық кезеңдерін, түркі және қыпшақ ескерткіштерін, Алтын Орда, Қазақ хандығы кезеңіндегі объектілерді бейнелейді.

Тәуелсіздік жылдарында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, сақтау, зерделеу, жүйелеу және қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Облыс аумағында б.з.д. VI ғасырға жататын сақ кезеңінің 130-дан астам зергерлік бұйымдары табылды, өндірістік тұрғын үйлер табылды, қола дәуірінің және ерте темір дәуірінің, б.з.д. 800-1400 жж. ежелгі металлургиялық пештері анықталды, Беғазы-Дәндібай дәуірінің бірегей пирамида тәрізді сатылы кесенесі (б.з.д. XV-X ғғ.) қазылды, Болған ана кесенесінде (Ұлытау ауданы) сары түсті металдан жасалған тостаған және тастан жасалған әйел сырғалары табылды. Бұл болашақ ұрпақ үшін тарихи маңызы бар археологиялық олжалар.

Облыста 20 музей жұмыс істейді, онда қазақ халқының және Қазақстанның басқа да этностарының материалдық және рухани мәдениетінің көптеген жәдігерлік куәліктері сақталған, өңірдің бүкіл тарихы көрсетілген.

Бірнеше жылдан бері облыстың музейлері мен кітапханаларында «Музейдегі түн» және «Кітапханалық түн» сияқты іс-шаралар өткізіліп келеді. Олар қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленіп, адамдар осындай ісшараларға отбасылармен: аға және жас ұрпақтармен бірге барады.

Облыстың 315 кітапханасы озық технологияларды кеңінен қолданады, барлық азаматтарға заманауи ақпараттық, ұлттық және халықаралық ресурстарға қол жеткізуді тиімді қамтамасыз етеді. Облыс кітапханалары республикада бірінші болып құжаттық мұраны сақтау жөніндегі жобаларды іске асыруға кірісті, өлкетану бойынша сақтандыру қорлары құрылуда. Бүгінгі таңда 72 мыңнан астам құжат электрондық форматқа көшірілді.

Республикамыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері мен жазушыларының қатысуымен 2015 жылы «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдық жинағының таныстырылымы өтті, оның құрамына тарихи тұлғалар Қазыбек би, Бұқар жыраудан бастап, қазіргі әдеби авторларға дейінгі Сарыарқа жерінің мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық еңбектері кірді.

Қарағанды облысында 32 мың 924 адам қатысатын 1763 клубтық құрылым жұмыс істейді. Облыста «Халықтық» және «Үлгілі» құрметті атақтарына ие 103 көркемөнерпаздар ұжымы бар.

Облыстың өзіндік халық шығармашылығын дамыту және насихаттау мақсатында хореографиялық ұжымдар, көркемөнерпаздар театрлары, дәстүрлі әндер орындаушылары, эстрадалық ән орындаушылары арасында әртүрлі жанрдағы фестивальдар, байқаулар өткізіліп, жаңа есімдер мен таланттар анықталады.

Кәсіби өнер ұйымдарының: 5 театрдың және 2 концерттік ұйымның жұмысы облыс халқына толыққанды және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты. Бұл дегеніңіз театрлардағы тың қойылымдар, жақын және алыс шет елдерден дирижерлер мен солистерді шақыра отырып, кәсіби оркестрлердің концерттері, облыс, республика және жақын және алыс шет елдер бойынша гастрольдік қызмет, республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысу, ауылға мәдени қызмет көрсету, «Әуенді Сарыарқа», «DocStar», Хаджиев атындағы республикалық байқауларды, дәстүрлі орындаушылар арасындағы Мәди Бәпиұлы атындағы, Елебеков атындағы республикалық байқауларды, Тәттімбет атындағы республикалық байқау сияқты халықаралық фестивальдерді, театр фестивалін өткізу. Мәдениет саласындағы ауқымды жоба – «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне жекелей тоқталуға тұрарлық. Оның мақсаты — Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, халық фольклорын насихаттау және дамыту, туристік бағытты дамыту, халық мәдениетін оның барлық алуан түрлілігінде танымал ету болып табылады.

Мәдениет саласындағы жетістіктер туралы айта отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жаңа мәдениет объектілерінің ашылуы туралы айтпай кету мүмкін емес.

2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығында 4 мәдениет нысаны ашылды – «Сарыжайлау» республикадағы жалғыз мемлекеттік кинотеатры, Нұра және Осакаров аудандарындағы тарихиөлкетану музейлері, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы, сондай-ақ көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, лагерь тұтқындарының балалары мен туыстарының қатысуымен Долинка кентіндегі Саяси қуғынсүргін құрбандарының музейі күрделі жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылды.

Қарағанды облысының мәдениет саласының міндеті — бұл ұлттық бірлікті қалыптастыру, тарихимәдени мұраны сақтау, дарынды тұлғалардың өнері мен қызметін дәріптеу үшін жағдай жасау, өңірдің мәдени әлеуетін дамыту болып табылады.