Рәміздер күні – ел бірлігі мен патриотизмнің нышаны

Қарағанды қалалық Қазыбек би мешіті-де 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Имани жаз” діни сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті.

Шара барысында балаларға Мемлекеттік рәміздер күнінің мән-маңызы кеңінен түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, ұлттық рух пен патриотизмнің басты нышандары екені насихатталды.

Сонымен қатар, шәкірттерге отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға Қазақстан Республикасының Туы табыс етілді.