ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде
Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.
Сонымен қатар, ведомство реаниматолог-анестезиологтардың тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдайды, ол өңірлер бойынша 45-тен 80%-ға дейін құрайды. Қазіргі уақытта медициналық жоғары оқу орындарында «Анестезиология және ересектер, балалар реаниматологиясы» мамандығы бойынша 821 болашақ маман оқытылады, өткен жылы осы бейін бойынша медицина мамандарын шығару 169 адамды құрады, 2023 жылы 329 анестезиолог, 2024 жылы – 323 маман шығару жоспарлануда.
Конгресс алаңында «экстракорпоралдық детоксикация», «Акушерліктегі анестезиология және реаниматология», «Анестезиологтардың жұмысы мен біліміндегі жаңа технологиялар» сияқты өзекті тақырыптар бойынша пленарлық отырыстар өтті, онда Израильдің жетекші спикерлерінің баяндамалары ұсынылды.
Сондай-ақ, конгресс жұмысының барысында шұғыл акушерлік жағдайларда қарқынды терапияның өзекті мәселелері талқыланды.
Форумның жұмысына Израиль, Украина, Түркия және Ресейден келген шетелдік сарапшылар қатысты.