Көктемгі дәрумен тапшылығын емдеу әдістері

Қыс мезгілінде дұрыс тамақтанбағандықтан көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі туындайды. Витаминдер — организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті биологиялық белсенді заттар. Олар дұрыс метаболизмге ықпал етіп, жұмыс өнімділігін, төзімділікті арттырады. Көптеген дәрумен организмде синтезделмейді және тек тамақпен бірге келеді.

Көктемгі витамин тапшылығы қалай көрінеді?

Егер сізде ұйқышылдық, ашуланшақтық, апатия және үнемі әлсіздік сезімі болса, онда ағзаңызда дәрумендер жетіспейтіні сөзсіз. Айта кету керек, бұл белгілер денеде бір ғана қажетті витамин болмаған кезде де пайда болуы мүмкін.

Дәрумен тапшылығымен күресудегі басты кеңес — дұрыс тамақтаныңыз. Көктемгі мәзіріңіз ақуыз, май, көмірсулар сияқты барлық қажетті заттарға бай әрі теңдестірілген болсын. Әрине, барлық қажетті микроэлементтер мен дәрумендерді тек көктемде ғана емес, барлық мезгілде пайдалану қажет. Себебі «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» тиімдірек.

Қандай дәрумендер ағзаға пайдалы?

С витамині. Бұл витамин ағзаның түрлі инфекцияға төзімділігін арттырады. Бірақ С дәрумені қайнағанда және темірдің әсерінен жойылатынын ескеру қажет. Кептірілген жемістерде де сақталмайды. С витаминінің көп мөлшері бар өнімдер: цитрусты жемістер, қарақат, итмұрын, құлпынай және бүлдірген, болгар бұрышы, бұршақ дақылдары, картоп, ақ және гүлді қырыққабат.

D витамині. Оны «күн дәрумені» деп те атайды. Бұл витамин ағзаға кальцийді сіңіруге көмектеседі. D дәрумені теріге, негізінен, күн сәулесі арқылы енеді, дегенмен кейбір тағамдық өнімдерден де кездестіруге болады. D дәруменінің С дәруменінен айырмашылығы — жоғары температураға төзімді. Құрамында D дәрумені көп тағамдар: балық майы, қызыл балық, сарыуыз, бауыр, қаймақ, сүт, май.

А витамині. Оның ағзадағы жетіспеушілігі адамның көру қабілетін нашарлатады. А дәрумені қаңқаның дұрыс қалыптасуына да ықпал етеді. Бұл витамин қайнау процесінде жойылмайды, бірақ жоғары температурада ұзақ уақыт ұстаудан аулақ болу керек. А дәрумені көп кездесетін өнімдер: қызылша, жүгері, сәбіз, асқабақ, қызанақ, қызыл бұрыш, қалақай, өрік.

В1 витамині. Бұл дәруменді «антидепрессантты дәрумен» деп те атайды, өйткені оның жетіспеушілігі жүйке жүйесінің нашарлауына алып келеді.

В1 дәрумені зат алмасуға белсенді қатысады және адамның ішек микрофлорасы арқылы шығарылады. В1 дәрумені көп өнімдер: жоғары сұрыпты бидай ұны және нан-тоқаш өнімдері, сұлы, қарақұмық, бұршақ дақылдары, жаңғақтар және сиыр еті.

В2 витамині. В2 қан айналымы жүйесінде гемоглобиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін қажет. В2 дәрумені жетіспесе, гемоглобин төмендейді, сол арқылы ағзаға қауіп төнеді. Бұл витаминнің сілтілі орта мен күн сәулесінің әсерінен жойылатынын есте ұстаған жөн. В2 дәрумені көп өнімдер: балық, жұмыртқа, көкөністер, сүт, жарма.

Е витамині. Е дәрумені басқаша «жастар дәрумені» деп те аталады. Денедегі бұл витаминнің жетіспеушілігі бұлшық ет массасының дамуын шектейді. Витамин сілтілік ортаның әсерінен жойылады. Құрамында Е дәрумені көп өнімдер: өсімдік майы, сарыуыз, итмұрын.

Тамақ өнімдерінің құрамындағы дәруменді қалай сақтауға болады?

Өнімдердегі витаминдерді жоғалтпау үшін келесі ережелерді сақтау керек:

  • Азық-түлікті салқын, қараңғы жерде сақтаңыз.
  • Көкөністерді, жемістерді ұзақ уақыт суда ұстамаңыз.
  • Өнімдерді күн сәулесінен алыс сақтауға тырысыңыз.
  • Микротолқынды пешті қолданбаңыз, өйткені барлық пайдалы заттар жойылады.
  • Буда пісіру дәрумендерді сақтауға көбірек мүмкіндік береді.
  • Етті тоңазытқышта немесе бөлме температурасында жібіту керек. Суда еріту ұсынылмайды.
  • Тұздалған қырыққабат, қияр және қызанақ өз тұздықтарында сақталуы керек.
  • Есіңізде болсын, тұздықта көптеген дәрумендер бар, сол себепті тұздалған өнімдерді сумен жуып керек емес.
  • Көкөністерді қайнатқан кезде ыдыстың қақпағын міндетті түрде жабу керек, бұл — көкөністердің пайдалы қасиеттерін сақтауға көмектеседі.
  • Тағамды пісіру кезінде жиі араластыру ұсынылмайды.
  • Көкөністер қайнатылған сорпада көптеген пайдалы заттар бар. Сондықтан оны көбірек қолданған жөн.
  • Піскен тамақты ұзақ уақыт сақтап керек емес, сол себепті күн сайын дайындаған дұрыс. Көптеген тамақтану практикалары бір күн тұрған тағам барлық пайдалы қасиеттерін жоғалтатынын дәлелдеген.

Көктемгі витамин тапшылығын емдеудің балама әдістер

Ағза үшін ең пайдалы өнім — итмұрын. Бұл өсімдік құрамында А дәрумені, В2 дәрумені, С дәрумені, Е дәрумені, Р дәрумені, К дәрумені, С, Р және К дәрумендері көп мөлшерде кездеседі. Сондықтан ағзаның күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру үшін екі жидек жеткілікті. Бір уыс итмұрынға қайнатылған су құйып, бірнеше сағаттан кейін сусын ретінде пайдалануға болады.

Сондай-ақ бидай немесе бұршақ дәндерінде ағзаға пайдалы заттардың көп мөлшері бар. Олар да көктемгі витамин тапшылығын емдеу үшін балама медицинада белсенді қолданылады.