Көкпаршылар көк бөртені таласқа салады   

Жиырма тоғызыншы наурызбен  сегізінші сәуір аралығында Тараз қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық спорт ойындарының чемпионаты өтеді.Ұлттық ойындарды ұлықтауды мақсат еткен бұл біріншілікке біздің облыс жігіттеріде тастүйін даярлық қылуда.Қазірде көкпардан облыс құрама командасын жасақтау мақсатында  оқу-жаттығу жиындары өтуде.

Бірінші кезең Үштөбе ауылы маңында өтті.Облыс намысын қорғайтын білекті де,  жүректі жігіттер түске дейін манежде шынықса, түстен кейін ат үстінде бап байқасады.Көкпаршылардан бөлек аттардыңда даярлығы қолға алынуда.Аттардың өзі үш  деңгейге бөлінеді.Бірінші деңгейдегі қорғаушы аттар, олар сүйегі ірі  бес ат болуы шарт.Одан кейінгі екінші деңгейдегілер  бес шабуылшы ат, екі ат жекпе жекте болады.Жалпы бір командада 12 көкпаршы, 12 ат болады.Қазір облыс құрама  командасы  жасақталу  үстінде.Бұл жерде Шет , Ақтоғай, Жаңаарқа, Ботақара, Қарқаралы аудандарынан  жігіттер жиналған.Осыған дейін облыс намысын қорғайтын мұндай жеке команда болмағандықтан, жігіттерге артылар жүк ауыр,үміт зор.Дегенмен,Тараз жерінде көк бөртені таласқа салатындар сайдың тасындай іріктелген  тақымы мықты жігіттер.

Қарағанды облысының көкпар  ат спортынан аға жаттықтырушы Нұржан Шайхин  бұл спорт түрінің облысымызда кенжелеп қалғаны шындық –дейді.Дегенмен, олқылықты оңалтып, ұлттық спортқа серпіліс берсек деген арманы да жоқ емес.

  • Қарағанды облысында аттың бабын білер жігіттер жетерлік.Мысалға, Нұрлан Намысов деген азаматты айтуға болады. Намыс көк,Сары шаян деген аттары  2017 жылы Бірінші Әлем Чемпионатында көкпардан танымал болды.Бұл жолы да осындай намысты азаматтар  үлес қосуда.Негізі бұл жолғы  дүбірлі додадада Қарағанды облысы бірінші лигада ойнайды.Чемпионат жоғары лига және бірінші лига болып бөлінеді.Жоғары лигада алты команда.Олар Әулие ата ,Құлагер, Маңқыстаудан Адай, Атыраудан Нарын, Қызылорда, Солтүстік Қазақстаннан  командалар бар.Егер біз осы жолы бірінші лигада бірінші орын алсақ, онда келесі жарыста жоғары лигада ойнаймыз.Оны бақ пен бап біледі.

Жалпы Қарағанды облысында  көкпар клубын ашу жоспарланып отыр.Бұл мақсат жүзеге асып жатса, жігіттер жұмыла жұмысқа кіріседі.Бұл ұлттық спортқа деген мемлекеттік демеу болмақ.Осы тұста «жас келсе, іске» демекші облыстық спорт  басқармасына жас та жанашыр азаматтың  келгені бірқатар өзгерістер байқатуда.Билікте  бет бұрып, ұлттық спорт ойындарына оң қабақ танытуда.Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің  іріктеу сайысына арнайы барып, жігіттердің жағдайын білуінің өзі жақсы нышан.Жеңіске деген жігері мықты жігіттер қазірдің өзінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан  бой босаңсытар емес. Әзірге 25 келілік серке негізінде дайындалған муляжды жерден көтеріп,тақымға басып, таласып  көруде.Осы тұста айта кетерлігі,негізі  дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30келіге келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды.Ал дайындық барысында  серке орнына қолданылған муляж салмағы болашақта 30-40 келіге дейін ұлғайтылатын болады. Алдағы уақытта арнайы алаңда торуыл белдеулері тартылып, қазан орыны дайындалып, айып нүктесі бекітілген көкпар талаптарына сай орында жаттығу жалғасады.Болашақта облыс намысын қорғар жас командаға сәттілік тілейміз.

Әсел Құсайынқызы.