Фейк: «Балаларды мектептерге COVID-19-ға ПТР-тесттің теріс нәтижесімен ғана жібереді»

Telegram мессенджерінде жаңа оқу тоқсанынан бастап балалар COVID-19-ға ПТР-тесттің теріс болған жағдайда ғана мектепке жіберілетіні туралы хабарламалар таратылуда. Бұл жалған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Мұның бәрі фейк. Қазіргі уақытта балалар демалыста. Жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Мектеп оқушыларын ПТР-тестілеу бойынша мәселе қаралып отырған жоқ және қаралмайды, — деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

@stopfake_kz