«Экономика және бизнес колледжі» студенттері арасында онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 27 қаңтарда күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының «Экономика және бизнес колледжі» студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі және қайталап екпе алу туралы онлайн кездесу өткізді.
Кезедсу барысында спикер «Pfizer вакцинасы бұлшықет ішіне екі дозада енгізіледі. Әр доза 0,3 миллилитр. Дозалар арасындағы 21-28 күн аралығын ұсынамыз. Вакцина иықтың дельтоидтарына енгізіледі. Жасөспірімдер мен балаларға вакцина алған кезде отыруға немесе жатуға рұқсат етіледі. Әрбір құтыда алты доза бар. Алты доза бір реттік шприцтермен жиналады»
Сондай-ақ, спикер «омикрон» штаммы туралы сөз қозғады. Ол сонымен қатар «Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының пікірінше, қолданыстағы екпемен «омикрон» штаммынан инфекция кезінде ауруханаға жатқызудан, асқынудан және өлімнен 70% қорғайды» -деп атап өтті.
Сондай-ақ, спикер екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, қайталап екпе алу, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 70 адам қатысты.