Қарағанды облысында қарт адамдар мен дәрігерлерді Pfizer препаратымен ревакцинациялауда
Қарағанды облысында 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін қайта вакцинациялау басталды. Американдық Pfizer препаратының немесе отандық QazVac вакцинасының үшінші, үдеткіш дозасын тіркелген жердегі емханадан алуға болады.
– Pfizer препараты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді (жүктіліктің 16-30 аптасы) және баласы екі жасқа толған емізетін аналарды вакцинациялау үшін қолданылады. Ревакцинация үшін ол медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар үшін қолданылады, – дейді қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының директоры Татьяна Баширова.
Екі тәулік ішінде вакцинация орталығында 60-тан астам зейнеткер үшінші рет егілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні өңірлерде вакцинациялау үшін «Спутник V», QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін) қолжетімді екенін хабарлайды. Ревакцинация үшін — QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға), сондай-ақ қаңтар айының соңында «Спутник Лайт» вакцинасы қолжетімді болады.
Еске саламыз, вакцинация және ревакцинация коронавирустық инфекциядан қорғаудың басты тәсілі болып табылады.