Қарағанды ұландары жаңа оқу кезеңін бастады
03 шілде күні Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қарағанды гарнизонының 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінде жаңа жазғы оқу кезеңі басталды. Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамымен алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағын өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков жеке бастады. Өз сөзінде сардар еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 5 мамыр күні өткізілген Бүкілармиялық кеңес, маусым айындағы ІІМ алқа отырысында жеткізген талаптары мен жоғарғы сенімін білдіргенін жеткізді.
Жаңа оқу кезеңі әрбір әскери қызметші үшін маңызды, себебі осы кезеңнен бастап теория мен практикаға жаңа талаптар, жаңа көзқарас арқылы қолжетімді түрде өткізіледі. Әскерилермен теориялық, практикалық күйде мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік, кәсіби-лауазымдық дайындығы сабақтары өткізіледі. Алғашқы сабақтарды жеке құрамдарына алғы болып әскери бөлімдердің командирлері өткізді, дейді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі басқармасының бастығы міндетін уақытша атқарушы подполковник Еркебұлан Каримов.
Айта кетерлік, аталмыш оқу кезеңінде әскерилердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін пәндер бойынша, әрбір сатыдағы әскери қызметшілермен жарты жылғы жоспарларды толық және сапалы орындау жоспарлануда.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.