Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждері арасында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Акимжанов Халел Рахымұлының қатысуымен Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждері арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе алу туралы кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары неміс-американдық Pfizer екпесінің сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан екпе алған адам Сovid-19 алдын алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-екпе екенін атап өтті.
Кездесуде коронавирустық инфекция және екпе туралы сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды.