Лагерьде – жаңа маусым

Қала сыртындағы «Салют» лагерінде жазғы маусымның салтанатты ашылуы өтті.

Қазір лагерьде Қарағанды қаласының 340 оқушысы демалуда. Қарағанды қаласы Білім бөлімінің басшысы Есентай Әшім және «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының өкілдері балаларды жазғы маусымның басталуымен құттықтап, оларға көңілді және қызықты жазғы демалыс тіледі.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА

«QH»