Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), «мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Кодекстің 84-бабында белгіленген ерекше жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, атап айтқанда, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің ортақ пайдаланылатын объектілерін іске асыру жолымен салу (реконструкциялау) жер учаскесінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:
1) Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, есептік орам 215, 1-учаске мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 3,0000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-215-001, «Auto Tour» ЖШС-не (БСН 041040009736) жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінен схемаға сәйкес 1.0557 га жер учаскесінің бір бөлігін алып қою;
2) Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, есептік орам 215, 17-учаске мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 7,8729 га, кадастрлық нөмірі 09-142-215-017, «DucoTech» ЖШС-не (БСН 220840012413) ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінен схемаға сәйкес 2.8983 га жер учаскесінің бір бөлігін алып қою;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
- Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) анықталсын.
- «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
- «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Е. Е. Кокушев) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыс жүргізсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов
