Өзім айтам өз жайымды…

Қала жастарын «OZIMIZ» ауызша әңгімелер байқауына қатысуға шақырады. Байқауды «QALAM.GLOBAL» медиажобасы әзірлеп ұйымдастыруда. Бас жүлде – 1 500 000 теңге.

– Тарихты білу – адамның өзін, өз Отанын тануына, ілгері басуына, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, болашақтан үміт үзбей, үйлесімді дамуына аса қажетті іс. Тарих – даталар мен құрғақ фактілердің жиынтығы емес. Тарих дегеніміз – нағыз қарапайым адамдардың өмір жолы, ата-әжелеріміздің өмірі, олардың тілегі мен талпынысы, құмарлықтары мен жеңістері. Отбасыңыздың, ауылыңыздың, көшеңіздің немесе қалаңыздың тарихын айтып 1 500 000 теңге ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! – дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға 12 мен 25 жас аралығындағы жастар қатысады.

Жұмыстар мәтін, аудио немесе бейне форматта қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін info@qalam.global электронды пошта арқылы қабылданады.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты @ozimiz.global парақшасынан білуге болады.