Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Кодекстің 84 бабында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын объектілерді салу, атап айтқанда, төменде аталған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыру жолымен автомобиль жолдарын, магистральды құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің жалпы пайдалану объектілерін салу (қайта құру) бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Келесі жер учаскелеріне қатысты мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қозғалсын:
1) Қарағанды қ., Әлихан Бөкейхан ауданы, есептік квартал 042, ауданы 2.5000 га 397 учаскесі, кадастрлық нөмірі 09-142-042-557, жалпы бірлескен меншік құқығында Таникеев Азамат Әмірұлы мен Танекеева Назым Жұмақазықызына тиесілі;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2025 жылғы 17 Сәуір болып белгіленсін.
- Келісімдік рәсімдерді жүзеге асыру үшін меншік иесінің өтініш беру орны болып өтініш беру арқылы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) анықталсын.
- «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Каримова А.Н.) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шакенов Д.А.) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64 бабы тәртібінде жер учаскелерінің меншік иелерін хабардар етсін.
- «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Е. Е. Кокушев) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыс жүргізсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов