Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгінде елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы 7 920 мектеппен салыстырғанда 1,6%-ға көп.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде орналасқан.

Есепті кезеңде жалпы білім беретін мектептердің ең көп саны Түркістан және Атырау облыстарында – бес мектептен пайдалануға берілді. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 9 оқу орталығы пайдалануға берілді. Оның 3-еуі Қызылорда облысында, 2-еуі Шымкент қаласында, 2-еуі Атырау облысында, 1-еуден Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Алматы қаласында ауданы 10 662 шаршы метр болатын балалар шығармашылығы орталығы, ал Абай облысында ауданы 9 809 шаршы метр болатын оқушылар сарайы пайдалануға берілді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында мектептерге 4,1 млн-нан астам бала қабылдау жоспарлануда, оның ішінде 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. 2025-2026 оқу жылында мектептерде 3,9 млн-нан астам оқушы білім алды, оның ішінде 363 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барған болатын.

Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылын бастады — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы