Қытайлық компаниялар БҚО-да ақбөкен өсіру орталығын ашуды ұсынып отыр


Батыс-Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қытай компанияларымен кеңес өткізді.
Шараға бейнебайланыс арқылы Қытай инвестициялық қоры, Қытай фармацевтикалық мәдениетті зерттеу қауымдастығы, Қытай ұлттық жабайы табиғатты сәйкестендіру орталығының өкілдері, жергілікті сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында Қытай компаниялары жеке қаражат есебінен Батыс Қазақстан облысында киік өсіруге арналған питомник ашуды ұсынды. Сол жерде лабораторияда киіктің дериват (мүйізін) өңдеу зауытын орналасып, біріккен мекеме ашу туралы жоспарларымен бөлісті. Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады. Өз кезегінде облыс әкімі шұғыл түрде киіктердің популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.