Мемлекеттік грант жаңа кәсіпке жол ашты

Айгерім Жайылханқызы Әбубәкірова мемлекеттік қолдаудың арқасында өз бизнес идеясын жүзеге асырып, әйелдер киіміне арналған «RICH BRAND» бутигін ашты.

2025 жылдың шілде айында ол бизнес идеясын іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Грант қаражатына әйелдер киімінің бутигін ашып, бүгінде кәсібін дамытып келеді.

Айгерім бала күтімімен айналысатын азаматтар санатына жатады. Мемлекеттік қолдау оған өз ісін бастап қана қоймай, кәсібін дамытуға мүмкіндік берді.

«RICH BRAND» – кәсіпкердің жаңа мүмкіндіктерге жасаған қадамы. Мемлекеттік грант азаматтардың өз бизнес идеясын жүзеге асырып, жаңа кәсіп бастауына нақты мүмкіндік беріп отыр.