Құттықтаймыз!

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ және Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның ұйымдастыруымен өткен III қалалық «Бизнес START» олимпиадасында №12 ЖББМ 10 «Ә» сынып оқушылары Мұхаметжан Елдар және Мадетханұлы Фархат I орынға ие болды. Жеңімпаздардың жетекшісі – КжБн пәні мұғалімі К.А.Оразбекова

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының мектеп оқушылары арасында биология пәнінен «ҮЗДІК БИОЛОГ» олимпиадасында №12 ЖББМ 11 «Ә» сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, Абдрашитова Әдемі ІІ дәрежелі дипломмен және Аманбаева Аружан сертификатпен марапатталды. Жүлдегерлерге жетекшілік еткен билогия пәнінің мұғалімі Г.М.Мұсаеваға да АЛҒЫСХАТ табысталды. Мектеп ұжымы жеңісті күндерінің көп болуына тілектестік білдірді.

«Е.А.Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ жас шахматшылары «Гамбит» клубы ұйымдастырған кезекті шахмат турниріне қатысты. Турнир қатысушылар үшін разрядсыз өткізілді. Қыздар арасында мектептің 4 «А» сынып оқушысы Мирман Милена жеңіске жетті.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»