Құттықтаймыз!

10 сәуір күні Қарағанды қаласында панкратионнан ашық турнир өтті. Аталмыш байқауда №30 ЖББМ 9 «В» сынып оқушысы Жамиев Асылхан мен Желтов Егор барлық жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қатарластары арасында үздік атанды.

4 «Б» сынып оқушысы Олейник София халықаралық өнер фестивалінде сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

№30 ЖББМ 1 «А» сынып оқушысы Кизкина Аяла «PRIMA» балет мектебі байқауына қатысып, жүзден жүйрік болды.

Халықаралық «Сюрприз» байқауында 1 «В» сынып оқушысы «Инструментал жанры» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық заманауи би конкурсында 1 «В» сынып оқушысы Мұхаметжанова Айлин сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды

№30 ЖББМ ұжымы жас таланттарды жеңістерімен құттықтап, алар асулары әлі алда екеніне тілектестік білдіреді.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»