Теміржол қауіпті аймақ екендігін естен шығармайық!

2025 жыл басталмай жатып Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет ету аумағында жүк поездары мен жолаушылар пойыздарының 8  шұғыл тежеу қолданған дерегі тіркелген.

Шаруа қожалықтарының жауапсыздығынан теміржолда үй малының қараусыз жүргені себебінен бес, адамның теміржолды белгіленбеген жерден өтіп, теміржол рельстерінде жүруі бойынша екі дерек анықталды.

Желілік полиция бөлімі қызметкерлерін теміржол бойында қараусыз жүрген малдардың көбейіп кеткендігі қатты алаңдатады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің  қызмет ету аумағында  шұғыл тежеу қолданған 97 дерек тек үй малының қараусыз теміржол бойында жүргені бойынша тіркелген.

Шұғыл тежеуді қолдану барысында пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне және ондағы жолаушылар өміріне тікелей қауіп төнетіндігін естен шығармауларыңызды сұраймыз!

Желілік полиция бөлімі Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559 бабы 1 бөлімінің санкциясында бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді!

Ж.САДУАКАСОВА,

Қарағанды-Сұрыптау ст.желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының инспекторы, полиция майоры