«Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі өтті

«Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қарағанды қаласының Орталық саябағында өтті. Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты.
Белтемірді бағындыруға қаламыздың белсенді жастары, қоғам қайраткерлері, спорт майталмандары, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қыздар мен балалар қатысып күш сынасты.
Кешкі сағат 17:00-де басталған жарыс 6 сағатқа созылды. Белтемірді бағындыруда жастар бірталай күштерін жұмсады. Бірінен бірі баса озып, кім мықтыны анықтады. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.
Фестивальді қорытындылаған Қарағанды қаласы әкімшілігінің өкілдері жеңімпаздарды марапаттады.
Фестиваль соңында қатысушылар мен қала қонақтары эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаевтың қатысуымен өткен концертті тамашалады.