Т. Шаймергенов референдум туралы: мемлекет еститін және тыңдайтын, сондай-ақ өз азаматтарына үнемі жауап беретін болады
Конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстанның саяси құрылымын қоғам өміріндегі өзекті тенденцияларға, сондай-ақ азаматтардың сауал жолдауымен және экономикадағы жаңа үрдістермен үйлестіру іске асырылатын болады. Ата заңның 65% — ы өзгеріске ұшырайды. Бүгінде қолданылып жүрген 2,5 мыңнан астам заң мен 51 мың НҚА-ның едәуір бөлігі зерделенуі, тексерілуі және жаңартылуы тиіс. Тимур Шаймергеновтың айтуынша, бұл цифрларда Президент мәлімдеген конституциялық реформаның барлық тереңдігі мен өмірдің барлық салаларындағы болашақ өзгерістердің ауқымы жатыр.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары мемлекет барлық деңгейлерде ашық диалогқа, оның ішінде болашақ дауыс беру форматының өзіне дайын екендігі туралы белгі беріп отырғанын атап өтті.
«Тұтастай мемлекеттік аппарат пен оның жұмысының қағидалары қайта түзетуге жатады. Конституциялық түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекет еститін және тыңдайтын, сондай-ақ азаматтарға үнемі жауап беретін болады. Жалпы, 5 маусымдағы референдум — бұл Қазақстанның құқықтық өрісін өзектендіру, оған ревизия жүргізу жөніндегі бұдан туындайтын барлық ауқымды ұзақ жұмыстың басы. Барлық реформалар азаматтарға әсер етеді. Алдағы референдумның табысты болуы көбінесе азаматтардың өздерінің белсенділігіне байланысты болады», — деп атап өтті спикер.