Тұрақтылық кепілі

Конституция — мемлекет пен қоғам тұрақтылығының кепілі. Осындай атаумен Қарағанды қаласының Достық үйінде дөңгелек үстел өтті. Шараға басқарма басшылары, масихат депутаттары, ЖОО ректорлары және облысымыздың құрметті азаматтары қатысты.

Диалог форматында өткен іс-шарада әр түрлі өзекті тақырыптар қозғалды. Соның ішінде Ата заңымыздың маңыздылығын Қарағанды облыстық маслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов ерекше атап өтті.

— Осы жылдар ішінде Конституция саяси тұрақтылықтың берік іргетасына айналды. Оның негізгі қағидалары адамның құқықтары мен бостандықтарына бағытталған. 2022-жылдың бесінші маусымында өткізілген референдум Қазақстанның халқының бірлігін және оның жаңа Қазақстанды құрудағы мемлекет басшысының ауқымды реформаларын қолдауының тағы да бір растады, -дейді Қарағанды облыстық маслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов.

Кейін іс-шара барысында облыс әкімінің, ҚР мәдениет және ақпарат, ҚР Төтенше жағдайлар министрлерінің алғыс хаттарын тапсыру, сондай-ақ Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға құрмет көрсету рәсімі өтіп, және де мемлекеттік орынға келген қызметшілер барша жиналған қауымның алдында адал жұмыс атқарып, халыққа қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Сондай-ақ дөнгелек үстел жұмысының барысында мемлекеттің қалыптасуы мен құрылуындағы ҚР Конституциясының рөлі талқыланды. AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков Конституция күні барша ел үшін ұлық мереке екенін, және ел бірлігін сақтау әр азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.

 — Конституциямыздың негізгі баптарына сүйене отырып, халықтың тыныштығы мен бірлігін, бейбіт өмірін сақтау, ол біздің басты міндеттеріміздің бірі екендігін айтқымыз келеді. Сондықтан әрбір азамат Ата заңның алдында бірдей екендігі Конституцияда көрсетілсе, бүгінгі жиындада осыған нақты бағыттар берілді, — деп атап өтті AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы — Бекзат Алтынбеков.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»