Құтқарушылар құрметке бөленді

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шара барысында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық департаментінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиын барысында «Абай» шахтасындағы жарылысты басуға үлес қосқан қызметкерлерге наградалар табысталды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Абай» шахтасындағы аварияның салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін шахтаның екі қызметкері және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 15 тау-кен құтқарушысы марапатталды.

Марапаттарды Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов және «Кәсіби әскерилендірілген авариялыққұтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Бас директоры Владимир Беккер табыс етті.

«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды:

– Денищук Наталья Анатольевна, «Абай» шахтасы техникалық қызметінің қауіпсіздік техникасы және желдету учаскесінің газды бақылау аппаратурасының диспетчері;

– Мадмаров Махаммадисмаил Розмахаматұлы, «Абай» шахтасының №1 дайындық жұмыстары жерасты учаскесінің электр слесарі;

– Азимбаев Мурат Капарович, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары;

– Жақан Әсет Дүйсенбекұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;

– Нұрмағамбетов Талғат Маратұлы, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы;

– Сакбасынов Арман Адилхайырович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;

– Олег Михайлович Стрижаков, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары.

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» наградаларымен:

– Брага Владимир Васильевич, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының командирі;

– Альнуров Дидар Махаббатович, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы;

– Храмушин Дмитрий Владимирович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдағы ерен еңбегі үшін» медалі:

– Әбішев Нариман Ишбулдыұлы, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы;

– Аликайдаров Нуржан Абильмажинович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;

– Асқаров Әлібек Қайырбекұлы, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы;

– Ескендір Ерік Еркінұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взводының командирі;

– Коровин Юрий Николаевич, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағы взвод командирінің орынбасары.

«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды:

– Байманов Қайрат Базарбайұлы, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы;

– Андреев Андрей Рудольфович, екінші әскерилендірілген авариялыққұтқару жасағының құтқарушысы. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»